Ағаділ Сухамбаев

Ағаділ Сухамбаев

1920-1944

Батыр

Ағаділ Сухамбаев

1920 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданында дүниеге келіп, 1944 жылы Польшада қаза тапқан.

Совет Одағының Батыры (24.03.1945). Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін, колхозда жұмыс істеді. 1941 ж. Қызыл армия қатарына алынды. 174-Борисовск Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 628-Гродненск Қызыл тулы полкіндегі 1-батальон құрамында болды. Белоруссияны, Литваны, Польшаны азат ету үшін болған шайқастарға қатысты. «Стжельцовизна» деп аталатын поляк деревнясы үшін болған ұрыста ол аңыздағы Александр Мотросовтың өшпес ерлігін қайталап, пулеметтің амбразурасын өз денесімен жапты. Туған колхозы, оқыған мектебі батыр есімімен аталады. Колхоз орталығында батырға ескерткіш орнатылған.

Ол өз ерлігін 1944 жылдың 31 шілдесінде Польша жерін¬де, Стжельцовизна деревнясы үшін болған шай¬қаста мыңдаған жауынгерлердің көз алдында жасаған.

ТМД Қарулы Күштері мұражайында сақтаулы Кеңес Одағы Батыры атағына ұсыну қағазында жазылғандай, атқыштар батальонының бөлімше командирі Ақәділ Суханбаев шешуші сәтте жауынгерлердің алға жылжуына кедергі жасап жатқан жау пулеметіне кеудесін тосып, оқ нөсерін тоқтатқан.

Сол сәтте ерлігі мен есімі тұтас майданға демде таралып, ұран болып жауынгерлерді шабуылға көтерген. Кейін ұрыс тынғанда 31-ші армияның қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры, генерал-полковник Василий Васильевич Глаголевтің тапсырмасымен денесі қазылып алынып, Польшадан Литваның көрікті қаласына әкелініп үлкен әскери салт-жорамен жерленген.

Ұрыс қызу жүріп жатқан қауырт кезге қарамастан қазақ жауынгеріне осыншама құрмет көрсетілуі оның ерлігінің соғыс тарихында маңызды рөл атқарғандығын көрсетеді.

Беларусь астанасы Минскі қаласындағы Ұлы Отан соғысы мұражайында азат етуші жауынгерлер сапында А.Суханбаевтың да портреті ілулі тұр. Беларустар өз бөлімшесімен жау күшті бекінген Гродно қаласына бірінші болып кірген Ақәділ ағамыздың ерлігін ерекше қадірлейді.

Қалада бір көше қазақтың батыр ұлының атымен аталады. Осы көшедегі кәсіптік-техникалық училищеге ескерткіш тақта орнатылған.

Мектеп мұражайында арнайы мүйіс те бар. Соғыстан кейін десант әскерлерінің қолбасшысы қызметінде жүріп, 1974 жылы қайғылы қазаға ұшыраған қолбасшы В.В.Глаголевтің есімі туған қаласы Калуга мен Мәскеудегі көшелерге де берілген. Ол өзі басқарған әскери құрамалардың ержүрек жауынгерінің есімі мен ерлігі қастерленуіне әрдайым қамқорлық жасап отырған.

Ерлік жасағанына бір жарым ай уақыт өткенде, Кеңес Одағының Батыры атағы берілмей тұрып-ақ (Жарлық 1945 жылдың наурызында шықты) 1944 жылдың 20 қыркүйегінде еңбекшілер депутаттары Свердлов (қазіргі - Байзақ) аудандық кеңесінің 74-ші санды шешімімен өзі оқыған орталау мектеп пен туып-өскен "Қарасу" ұжымшарына есімі берілген Ақәділ Суханбаевтың жеке қаруы Мәскеуге ТМД Қарулы Күштері мұражайына қойылған. Ерлігі туған елі Қазақстан ғана емес Ресейде, Белоруссияда, Литвада ерекше қадірленіп келеді.

2005 жылы Тараз қаласында ерлік жасап тұрған сәтін бейнелеген ескерткішінің ашылуы салтанатына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қатысып, сөз сөйлеген. Жыл сайын 31 шілдеде батыр ескерткішіне гүл қою рәсімі өтіп тұрады.

Байзақ ауданында оның атымен селолық округ аталады, Сарыкемер ауылында, Таразда, Алматыда, Беларусь Республикасының Гродно қаласында оның атындағы көшелер бар.

Қазіргі кезде Тараз қаласында, Байзақ ауданында Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Суханбаевқа ескерткіш орнатылған. Байзақ ауданы, Жақаш ауылының орта мектебінің алдында орналасқан бетон ескерткіш пирамида тектес тұғырда тұрған бюсттен тұрады. Бюсттің биіктігі – 0,8 м, тұғыры – 1,8 м. Тұғырдың үстіңгі жағында екі мемориалды мәрмәр тақтайлар монтаждалған. Бірінде аты мен өмір сүрген күні, айы, жылы қашалған, екіншісінде қазақ тілінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының А. Сухамбаевқа қаза болғаннан кейін (1945) Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы шешімінің мәтіні жазылған.


2GIS-те ашу
Yandex-те ашу
Типікөше
Шешім, қаулы күніБұл мәлімет жоқ
Шешім, қаулы №Бұл мәлімет жоқ
АуданыАлатау
Ұзындығы995
Аумақтық орналасуыӘл-Фараби даңғылының солтүстігі, Юрий Гагарин даңғылының шығысы
Атау түріКісі есімі / Ер кісі

Өзгерістер тарихы

Шешім, қаулы күніАтауыМәслихаттың шешіміӘкімдіктің қаулысы
Бұл мәлімет жоқ
Ағаділ Сухамбаев
Бұл мәлімет жоқ
№14