Абдолла Розыбакиев

Абдолла Розыбакиев
1897-1943
Қоғам қайраткері
Абдолла Ахметұлы Розыбакиев](31 қазан 1897 жыл, Верный уезінің, Көлжат ауылы – 28 қараша 1937 жыл) — ұйғыр текті кеңестік қоғам қайраткері. 1917 ж. сәуірде Верный (Алматы) қалалық мұсылман жұмысшылар одағының хатшысы болып сайланды. 1918 ж. Жетісу облыстық ревкомына мүшелікке өтті.
Ол Ораз Жандосов, Павел Виноградов, Тоқаш Бокин, т.б. қоғам қайраткерлерімен бірге Жетісу өңірінде Кеңес үкіметін орнатуға қатысты. 1920 жылдың көктемінде Жаркент уездік, қалалық ревкомының төрағасы болып тағайындалды. Сол жылдың соңында өзі ұйымдастырған ерікті ұйғыр полкінің комиссары ретінде Ферғана “даласында” басмашыларға қарсы күреске қатысты. 1921 ж. тамызда БК(б)П Жетісу облыстық комитетінің хатшылығына әрі облыстық “Қосшы” одағының төрағалығына сайланды.
1924 ж. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу жөніндегі комиссияның мүшесі болды. 1925 – 27 ж. Мәскеудегі коммунистік университетте оқыды. БК(б)П Қызылорда округтік комитетінің бірінші хатшысы (1929, мамыр – 1930, наурыз), Қазақ АКСР-інің дайындау комиссары (1930 жылдың соңы – 1932 ж.), Шығыс Қазақстан облысының Павлодар аудандық (кейін округтік) партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Өмірінің соңғы жылдары Қазақстан КП ОК-нің баспасөз және баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1921 ж. маусым айының басында Ташкентте, кейін Алматыда ұйғыр тілінде шыға бастаған “Камбағарлар авази” (“Кедей дауысы”) газетін ұйымдастырушы әрі редакторы болды. 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Алматы қаласындағы бір көшеге Розыбакиев есімі берілген.
Розыбакиев атындағы көше (Алматы) Көшеге белгілі мемлекет қайраткері Абдолла Ахметұлы Розыбакиевтің есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 26.12.1962 №453/26 шешімі) берілген. Розыбакиев Абдулла Ахмедұлы (1897-1938) Алматы облысының Шелек ауданында (қазіргі Еңбекшіқазақ) дүниеге келген. Ол «Мұсылман жұмысшылар қоғамын» құрған. 1920 жылы Жаркент уезінің ВЧК, ал 1921 жылы Түркістан компартиясының ОК төрағасы, Алматы облыстық комитетінің хатшысы, «Қосшы» облыстық кеңесінің төрағасы міндеттерін атқарған. Көше бойында қалалық көтерме сауда базары, «Дана» сауда орталығы, т.б. ірілі-ұсақты түрлі мекемелер бар. Көше Бостандық, Алмалы аудандарын қиып өтеді. Көше солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек даңғылынан басталып, әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта созылып жатыр. Бұрынғы атауы - 17-ші линия көшесі. Көшенің ұзындығы - 7000 метр.
