Абай

street name banner

Абай

1845-1904

Ақын

Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны, қазіргі заманғы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушылық либералдық ислам мәдениетінің орыс және еуропалық мәдениетпен жақындасуын жақтаушы Абай (Ибрагим) Құнанбаевтың (1845-1904) құрметіне аталған. 10 тамызда Семей өңіріндегі Шыңғыс тауында Қарқаралы округтік приказының аға сұлтаны Құнанбайдың отбасында дүниеге келген. Абайдың отбасы ақсүйек тұқымынан еді. Атасы (Өскенбай) мен атасының әкесі (Ырғызбай) өз руындағы билеушілер мен билер болған. Әкесі берген “Ибрагим” есімі анасының еркелетіп атаған “Абай” (“сақ”, “ойлы”) есімімен алмасып кетті. Ол осы есімімен бүкіл өмірін өткізіп, тарихқа енді.

Абай ең алғаш ауыл молдасынан сауатын ашып, кейін Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқыды. Сонымен қатар, ол орыс мектебіне де қатысып, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Гёте, Байрон сияқты ұлы тұлғалардың шығармаларымен танысты. Шығыс әдебиетінен де мол білім алды. Абайдың шығармашылық мұрасы – қазақ халқының рухани дамуындағы баға жетпес қазына. Ол 170-тен астам өлең жазып, 45 «Қара сөз» деп аталатын прозалық философиялық туынды қалдырды. Аталған қара сөздерінде Абай адамгершілік, имандылық, әділет, білім, еңбек, ұлттық болмыс, дін және ел басқару мәселелерін терең қозғады. Бұл еңбектер қазақ халқының дүниетанымын өзгертіп, жаңа рухани жол сілтеді.

Абай шығармаларында халықты надандықтан арылтып, ғылым мен білімге ұмтылуға үндеді. Ол жалқаулық пен керітартпалықты сынап, еңбек, ар-ұят, махаббат, әділдік сияқты асыл қасиеттерді насихаттады. Сонымен қатар, Абайдың композиторлық қыры да айрықша. Ол бірнеше әннің авторы, олардың қатарында «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ» сияқты туындылар бар. Абай – аудармашы ретінде де үлкен үлес қосты. Ол Пушкиннің «Татьянаның хатын», Лермонтов пен Гётенің, Байронның шығармаларын қазақша сөйлетті. Абайдың аудармалары арқылы қазақ оқырманы әлем әдебиетінің озық үлгілерімен танысты.

Абайдың аты мен мұрасы Қазақстанда ғана емес, бүкіл түркі әлемінде кеңінен танылған. 1995 жылы оның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде аталып өтті. 2020 жылы 175 жылдығы қарсаңында Қазақстанда «Абай жылы» жарияланып, түрлі ғылыми, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінде Абай есімімен аталатын мектептер, университеттер, театрлар, көшелер мен аудандар бар. Алматы мен Астана қалаларында Абайға арналған ескерткіштер орнатылған. Сонымен қатар, Алматы метросындағы орталық станциялардың бірі де «Абай» деп аталады.

Абай 60 жасында қайтыс болды, Шыңғыстауға жақын жердегі өзінің Жидебай қыстауының жанына жерленді. Бүгінде Абай атындағы даңғылдың ұзындығы 9400 метр, оның есімімен 1955 жылы аталды. Абай алаңынан басталып, ҚР Ұлттық кітапханасының жанынан өтіп, Орталық стадионнан ықшамаудандарға дейін созылады. Қаланың Әуезов, Бостандық, Медеу, Алмалы аудандарын қамтиды. Даңғылдың бұрынғы атауы - Арычная, одан кейін Мичурин көшесі.

Қиылысатын көшелері

  1. Достық,
  2. Уәлиханов,
  3. Фурманов,
  4. Байсейітова,
  5. Желтоқсан,
  6. Наурызбай батыр,
  7. Сейфуллин,
  8. Масанчи,
  9. Байтұрсынұлы,
  10. Байзақов,
  11. Жандосов,
  12. Абылай хан,
  13. Әуезов,
  14. Манас,
  15. Жароков,
  16. Айманов,
  17. Гагарин,
  18. Розыбакиев,
  19. Тұрғыт Өзал,
  20. Түркебаев,
  21. Өтеген батыр,
  22. Алтынсарин,
  23. Саин,
  24. Момышұлы

Даңғыл бойында

  1. Республика сарайы (1970 жылы Сәулетшілер: В.Ю.Алле, В.Н.Ким, Ю.Г.Ратушный, Н.И.Рипинский, Л.Л.Ухоботов);
  2. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы - (1966 жылы Сәулетшілер: В.Кацев, О.Наумова);
  3. Орталық стадион - (1955-1967 жылдары, сәулетшілер: А.Қ.Қапанов, А.Я.Косов);
  4. Неке сарайы. (1971 жылы Сәулетшілер: A.Леппик, М.Меңдіқұлов);
  5. Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры (1969 жылы Сәулетшілер: B,П.Давыденко, Г.П.Горлышков);
  6. Қазақ мемлекеттік циркі (1972 жылы Сәулетші: В.З.Кацев);
  7. М.О.Әуезов атындағы қазақ драма театры (1980 жылы Сәулетшілер: О.Ж.Баймырзаев, М.Ф.Жақсылықов, А.С.Қайнарбаев) орналасқан.

Оқу орындар

  1. ҚМЭБИ (КИМЭП) - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты. (1978 жылы Сәулетшілер: Б.Воронин, Ким-Досен, Д.Мельников);
  2. Қазақ Аграрлық университеті (1934 жылы Сәулетші: В.Бирюкова),
  3. Халықаралық бизнес академиясы,
  4. Қазақ спорт және туризм академиясы,
  5. С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина институты.

Ескерткіштер

  1. Абай ескерткіші (Мүсіншісі: Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев, 1960 жыл),
  2. Мұқан Төлебаев ескерткіші,
  3. Мұхтар Әуезов ескерткіші. (Мүсіншісі: Ескен Аманжолұлы Сіргебаев, 1980 жыл).
  4. Спортшы қыз бен жігіттің ескерткіші (1967 жылы)

Типідаңғыл
Шешім, қаулы күні13.07.1960
Шешім, қаулы №6
Ұзындығы9400
Аумақтық орналасуыАбай алаңынан басталып, ҚР Ұлттық кітапханасының жанынан өтіп, Орталық стадионнан ықшамаудандарға дейін созылады
Атау түріКісі есімі / Ер кісі

Өзгерістер тарихы

Шешім, қаулы күніАтауыМәслихаттың шешіміӘкімдіктің қаулысы
13.07.1960
Абай
№6
Бұл мәлімет жоқ
Бұл мәлімет жоқ
Арычная, Мичурин
Бұл мәлімет жоқ
Бұл мәлімет жоқ