Владимир Толоконников

Владимир Толоконников

Владимир Толоконников

1943-2017

Владимир Толоконников (1943-2017) - Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, театр және кино актері. 1943 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген, 2017 жылы 15 шілдеде Мәскеу қаласында дүниеден озды. Ярославль театр училищесін бітірген. 1972 жылдан Алматыдағы М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері болды. Осы театр сахнасындағы орыс және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысты. Қойылымдардағы рөлдері: «Әдемі Василиса» (Шал, Леший), «Күнде» (Лука), «Бөтен адаммен отбасылық портрет» (Тимофей), «Француз тілінен сабақ» (Жозеф), «Құлдық» (Мольер), «Париждік Құдай-аналардың шіркеуі» (Квазимодо), «Шие бағы» (Фирс). 40-тан аса фильмдерге түсті, соның ішінде «Ит жүрегі» (Шариков) - «Ленфильм» киностудиясы; «Елес» (Ваня), «Жұмақ бұлт» (Филомев) - «Мосфильм» киностудиясы; «Ақымақтың армандары» (Козлевич) - М. Горкий атындағы киностудия; «Кошкодав Сильвер» (Сильвер) «Беларусфильм» киностудиясы; «Шанхай» (Степаныч), «Тұзды көлдегі үй» (капитан Сергеев) – «Казахфильм» киностудиясы. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, ҚР және РФ Кинематографистер одағының мүшесі. «Құрмет», Достық (РФ) ордендерімен марапатталған. РФ Мемлекеттік сыйлығының, «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін 2005 жылы «Жыл адамы» атанды.
2GIS-те ашу
Yandex-те ашу
ТипіБұл мәлімет жоқ
Шешім, қаулы күніБұл мәлімет жоқ
Шешім, қаулы №Бұл мәлімет жоқ
АуданыӘуезов
Ұзындығы1350
Аумақтық орналасуыҮлкен Алматы өзенінің батысы, Ораз Жандосов көшесінен басталады
Атау түріКісі есімі / Ер кісі

Өзгерістер тарихы

Шешім, қаулы күніАтауыМәслихаттың шешіміӘкімдіктің қаулысы
30.08.2024
Владимир Толоконников
№117
№2/332
24.06.1959
Юбилейная
Бұл мәлімет жоқ
Бұл мәлімет жоқ