Іле – Балқаш көлі алабындағы өзен және Жетісудағы ең ірі өзендердің бірі. Қазақстанның Алматы облысында және Қытайдың Шыңжаң ауданы жерімен ағады. Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды.