Алматы қаласы

Көше атаулары — ұлттың мәдени-тарихи кодын жеткізетін ақпарат көзі

Көше атауын іздеу

Ауданы
Даңғыл, көше ...
Ұзындығы

Онлайн-платформа туралы

Алматы қаласы әкімдігі SDU University ІТ-мамандарымен бірлесіп қаладағы көше атаулары туралы толық мәліметтер қамтылған көпшілікке қолжетімді цифрлық жүйе әзірледі.

«Almaty atau» онлайн-платформасы Алматы қаласындағы кез-келген көше атауы, оның қашан және қандай құжатпен берілгені, бұрынғы атауы, қайда орналасқаны, ұзындығы және т.б. туралы толық мағлұмат береді.

Ол атаулар туралы мәліметтерді ұдайы толықтырып отыру, реттеу, жинақтау, зерделеу, талдау және түрлі нысандағы есептер әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыра алады.


«Almaty atau» қала тұрғындары мен қонақтарына, мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлерге, ғалымдар мен БАҚ өкілдеріне және қызығушылық танытқан жалпы көпшілікке арналған.

Негізгі мәліметтер осыған дейін бірнеше рет 100 дана таралыммен басылып шыққан «Алматы көшелері» атты анықтамалықтардан алынды. Оларды жүктеу барысында анықталған кемшіліктер мен дәлсіздіктер мүмкіндігінше түзетілді. Алайда, әлі де қайта қарауды қажет ететін тұстарының болуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз.

«Almaty atau» онлайн-платформасын жетілдіру, мәліметтерді толықтыру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Бұл ретте оны қолданушы көпшіліктің ой-пікірлері мен тілектері де ескерілетін болады.

Құрметті «Almaty atau» онлайн-платформасын қолданушылар, қала тұрғындары мен қонақтары! Белгілі бір көше атауы туралы мәліметтер орналасқан беттің жоғарғы оң жақ бұрышында сұрақ белгісі бар. Осы белгіні басқан кезде ашылатын терезе арқылы Сіз өз ұсынысыңызды немесе сұрағыңызды жолдай аласыз.

Егер де Сіз көше атаулары туралы мәліметтерден қандай да бір қателіктерді байқасаңыз, осында жазып қалдыруыңызды сұраймыз. Қолыңызда белгілі бір атау туралы бізде жоқ мәлімет, ақпарат, құжат немесе интернет желісіндегі материалдың сілтемесі болса, оны да осы жерге салып жіберсеңіз болады.

Бізге көрсеткен қолдауларыңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз!

Соңғы өзгертулер

Барлығын көру

Жаңалықтар

Барлығын көру
15.02.2024

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

Алматыда көшелердің біріне марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің аты берілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясы өтіп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер талқыланып, қолдау тапты.

Қаланың атаусыз көшелеріне атау беру

Алматыдағы 156 атаусыз көшеге атау беру туралы шешім қабылданды.

Оның ішінде:

  1. 22 көше – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімімен аталады.
  2. 15 көше – тарихи тұлғалардың құрметіне беріледі.

Есімі берілетін көрнекті тұлғалар

Жаңа атауларды иеленетін көшелерге Қазақстан тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алған тұлғалардың есімдері берілмек:

  1. академик Әбдуәли Қайдар,
  2. археолог Карл Байпақов,
  3. тарихшы Сайым Балмұқанов,
  4. ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый,
  5. олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен,
  6. халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов,
  7. ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаев,
  8. абайтанушы Қайым Мұхамедханов,
  9. қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров,
  10. КСРО халық артисі Наталья Сац.

Қалған 118 көше тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады. Бұл ұсыныстар мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссиядан оң қорытынды алған.

15.02.2024

Сессияда жаңа көше атаулары, науқастарды қолдау және қысқы жол күтімі қаралды

Бүгін Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясы өтіп, онда депутаттар бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарап, қолдады.

Негізгі шешімдердің бірі – қаладағы 156 атаусыз көшеге атау беру болды. Оның ішінде 22 көше Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін иеленеді, 15 көше «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген көрнекті қайраткерлердің атын алады. Олардың қатарында академик Әбдуәли Қайдар, археолог Карл Байпақов, тарихшы Сайым Балмұқанов, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый, олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаев, абайтанушы Қайым Мұхамедханов, қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров және КСРО халық артисі Наталья Сац бар.

Ал қалған 118 көше танымдық, тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады. Бұл ұсыныстар алдын ала мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алды.

Сонымен қатар, депутаттар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын аурулар мен дәрілік заттар тізбесін кеңейтуді бекітті. Қосымша он әлеуметтік маңызы бар және сирек кездесетін патологиясы бар 23 пациент қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін болады.

Қала көріктендіру ережелеріне толықтырулар енгізілді. Енді жауын-шашынның аномальды деңгейінде қысқы маусымда көшелерді күшейтілген режимде күтіп-ұстау тетігі бекітілді. Мәселен, 2024–2025 жылғы қыста Алматыда бес тәулікте қатты қар жауған (14–22 см, норма – 1,87 см). Бұл жағдайда жұмысшылар мен техниканың санын шұғыл көбейту қажеттілігі туындады. Есеп бойынша, осындай жағдай қайталанса, 4 мыңға дейін жол жұмысшысы, 200 арнайы техника және 30 жүк тиегіш қажет болады. Жалақы тек нақты орындалған жұмысқа төленеді.

Сонымен бірге, кадрлық тағайындауларға байланысты Алматы қаласы әкімдігінің жеке құрамына өзгерістер енгізілді.

14.02.2024

Алматыдағы көшеге Денис Теннің аты беріледі

Алматыда Үлкен Алматы өзенінің маңындағы көшеге Денис Теннің аты беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Денис Теннің есімі берілетін көше Алматының Бостандық ауданында орналасқан. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында қалалық әкімдік жанындағы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет хабарлады.

Денис Теннің есімі 7-көшеге беріледі. Ол – президент саябағының жоғарғы жағында, Үлкен Алматы өзенінің жанында орналасқан, ұзындығы 800 метр болатын көше. Қайта атау 2025 жылға арналған жол картасы аясында жүргізіліп жатыр. Бұл құжат Алматыдағы атаусыз 156 көшеге атау беруді қарастырады.

Олардың ішінде 22 көше Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің атымен, тағы 15 көше белгілі тарихи тұлғалардың есімімен аталады. Денис Теннен бөлек, бұл тізімге академиктер Абдуали Қайдар, Карл Байпақов, Саим Балмұханов, әлем чемпионы Анатолий Храпатый, КСРО халық әртісі Наталья Сац және басқа да есімдер кірген.


Бақыт Қалымбеттің айтуынша, Алматы қаласының ономастикалық комиссиясы мен Республикалық ономастикалық комиссия көшелерге жаңа атау беру туралы ұсынысқа оң қорытынды берген.


Айта кетейік, Денис Тен 1993 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол – 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, елдің бес дүркін чемпионы.

Жиі қойылатын сұрақтар тізімі

Барлығын көру
paper-plane